Елге келген әр туристің қауіпсіздігі маңызды. Сол себепті шетелдік меймандарға арнайы QR-коды бар туристік карта беріледі.
«Бұл бастама шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің туристік инфрақұрылымын жетілдіруге мүмкіндік береді», - дейді мамандар. Арнайы карталар Астана мен Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларда, сондай-ақ Түркістан облысындағы «Қапланбек» шекаралық бақылау бекетінде таратылып жатыр.
Қонақтардың жайлылығы үшін safe-travel.kz мобильді платформасы да іске қосылды.