Шымкентте қару қолдану тәртібін бұзған 128 құқықбұзушылық тіркелді

  • 57
  • 14.07.2025, 18:56

Шымкентте қару қолдану тәртібін бұзғандарға қатысты 128 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Олар аңшылыққа арналған мылтық пен тапаншаларды мерзімді тексеруден өткізбей, сақтау мен өзімен алып жүру ережелерін бұзған.

Бұл жағдай «Қару» жедел профилактикалық шара аясында анықталды. Жалпы тексеріс нәтижесінде заңсыз сақталған тоғыз атыс қаруы мен оған тиесілі оқ-дәрілер тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. 

Асқар Жүзжасаров, қалалық ПД басқарма бастығы:

- Тексеру барысында 9 суық қару тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Ол қарулар қолдан жасалған шолақ мылтық немесе арнайы пистолеттерді ішінен қайта құрастырып, оны қылмыстық іс әрекет мақсатында пайдалану үшін жасалған қарулар болып саналады. Қазіргі таңда аудандық Ішкі істер бөлімінде осы күнге дейін жасалған қылмыстарға қатысы бар, жоқтығы нақтыланып, анықталуда.