Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен 15 ауылға ауызсу желісі тартылып жатыр. Елді мекендерге таза су жеткізу үшін 6,2 млрд теңге жұмсалады. Бұл қаражатқа су станциялары салынып, ауыл-ішілік желілер жүргізілуде.
Жамбыл ауданындағы Өрнек және Жұма ауылдары да биыл сумен қамтылады. Қос ауылдағы 3 мыңға жуық тұрғын тіршілік нәрінен таршылық көрген еді. Су станциясы қазан айында іске қосылады. Қазір құрылыстың 80 проценттен астамы аяқталып тұр.
Ғалым Исақов, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:
- Ауылдар бойынша 98,1% ауызсумен қамтылған. Қалалар бойынша 98%. Бүгінгі күнге 343 елді мекен ауызсумен қамтамасыз етілген. Қалып отырған бізде 24 елді мекен. 24 елді мекеннің 20-да су жүйесін жүргізу, 4-де кешенді блок модульдерін орнату. Аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.