МӘМС: Табысы төмен азаматтардың жарнасын әкімдік төлейді

  • 75
  • 15.07.2025, 18:32

Елімізде енді табысы өте төмен азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын әкімдік төлейді. Осылайша «Д» және «Е» санатындағы 1 млн-ға жуық адам келесі жылдың қаңтар айынан бастап жоспарлы және қымбат емге қол жеткізеді. Сондай-ақ әкімдікте жұмыссыз ретінде тіркелгендерге де жарна жергілікті бюджет есебінен бөлінеді.

Заңдағы тағы бір өзгеріс: табысы өте жоғары жалдамалы жұмысшылардың ай сайынғы төлемі де ұлғаяды. 

Айта кетейік, бүгінде елде 17 млн-ға жуық адам МӘМС жүйесіне тіркелген. «Тұрмысы төмен азаматтарды есептемегенде әлі 2 млн-нан астам адам жарна төлемей жүр», - дейді жауапты министрлік өкілдері.

Ләззат Шоманова, ҚР ДСМ департамент директоры:

- Олардың тұрмыс жағдайы жақсы немесе орташа. Олар айына 4250 теңге төлеуге мүмкіншілігі бар. Көбіне ол азаматтар қай санатқа жататынын өздері де біледі. Бүкіл еліміздің адамдары 5 категорияға бөлінген ғой. Солардың «Д» және «Е» категорияларын қамтамасыз етеміз деп отырмыз. Қалғандары өздері жарна пұл төлеп, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ете алады. Оларға жеңілдік жасалмайды.