Бұдан былай павлодарлық полицейлер қоғамдық тәртіпті дронмен қадағалайды. Пилотсыз ұшатын аппараттар өзен жағасы мен қоғамдық орындарды патрульдейді. Әуеден бақылап, қылмыстың алдын алады. Сонымен қатар патрульдік топтар жағажай бойында квадроциклмен қозғалады. Бұл техника төтенше жағдайда жедел әрекет етуге және нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Абылайхан Алпысбай, қалалық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:
- Дрон мен квадроциклдерді орталық және «Усолка» жағажайын патрульдеу үшін күнделікті қолданамыз. Сол арқылы қоғамдық орындарда ұсақ құқықбұзушылықтан бастап ішімдік пайдалану, ұрлық-қарлық сияқты деректерді анықтаймыз. Нәтижесі жаман емес. Осы күнге дейін дрондар көмегімен 200-ге жуық құқықбұзушылық назардан тыс қалған жоқ.