«Заң – қысым көрсетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Заң – әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны».
Қоғам «Заң мен тәртіп» қағидатына қатысты пікірін білдіріп, тіпті кеше ғана қол қойылған бірнеше заң туралы ойын бөлісті.
Блиц-сауалнама:
- Әрине, мемлекет болғаннан кейін заң болу керек. Тәртіп болу керек қой. Заң мен тәртіп болмаса, мемлекет басшысына бағынбаса, бір ел болмайды ғой. Бір елдің берекесін сақтау керек.
- Балаларымды тәрбиелеп отырамын. Кішкентай қоқыс болса, ол қоқысты қоқысқа таста. Бәрі содан басталады. Заң деген нәрсе кішкентай майда-шүйдеден басталады. Ұрлық жасамау, біреудің бір кішкентай заты жатса да тиіспеңдер деп. Сондай майда-шүйде тәртіптен адамның тәрбиесі де түзеледі.
- Бәріміз тәртіппен жүруіміз керек. Тәртіпке бағынуымыз керек. «Тәртіпке бағынған құл болмайды», - дейді ғой. Әсіресе маған ана мен баланы құқығын қорғау туралы заңдар ұнайды.
- Кешегі Президентіміздің қол қойған медицина саласына байланысты, ОСМС-ке байланысты қол қойған бұйрығына өте қуаныштымын. Себебі біз қазір мойындаумыз керек, Қазақстанда жұмыссыз адамдар өте көп. Жұмыссыз адамдарға өте көп көмек қажет деп ойлаймын.