Қызылорда облысында жол тәртібін бақылайтын дрондар көбейтіледі

  • 69
  • 16.07.2025, 18:48

Қызылорда облысында жол тәртібін бақылауды күшейту үшін дрон саны көбейтіледі. Олармен күрежол бойын бақылап қана қоймай, іздестіру-құтқару жұмысына да пайдаланады. Ұшқышсыз ұшу аппараты бейнебақылау жүргізіп, жол қозғалысы ережесінің бұзылғанын анықтап, көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін сканерлей алады. Биыл 6 айда дронның көмегімен 86 жол ережесін бұзу жағдайы анықталып, жүргізушілер әкімшілік жазаға тартылды.

Жалпы облыс аумағында 629 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 49 адам қаза тапты. 797 адам түрлі дене жарақатын алған.

Ғани Икрамов, ПД ЖПҚБ рота командирінің міндетін атқарушы:

- Апаттарды алдын алу мақсатында ұшақсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 4 дана ұшақсыз ұшу аппаратын алу жоспарлануда.