Су тапшылығына жол берген шенеуніктер жазаланбақ

  • 65
  • 17.07.2025, 18:34

Премьер-министр Олжас Бектенов ылғалды көп қажет ететін дақылдарды рұқсатсыз еккен лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды. 

Үкіметте өткен жиында оңтүстік өңірлерді суармалы сумен қамту мәселесі қаралды. Министр Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, су қоймаларында 19,2 миллиард текше метр су бар. Оның 98 пайызы Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарына тиесілі. Бұл аймақтарда 1,2 миллион гектар жер суарылады. Шаруалар бүгінге дейін 7 миллиард текше метр суды пайдаланған. Қалған 3,1 миллиард текше метрі маусым соңына дейін беріледі. Өңірде су тапшылығын болдырмау үшін түнгі және кезектесіп суару жүйесі енгізілді. Премьер-министр ресурстарды үнемді әрі тиімді пайдалануды тапсырды.