Таиландта өткен «Teen Star International» халықаралық сұлулық байқауында қос қазақ қызы Әдия мен Гауһар жүлделі екінші орынды қанжығаларына байлады. 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл байқау – жас модельдер бас қосатын беделді жобалардың бірі.
Биылғы сайысқа 16 елден үміткер жиналған. Әр қатысушы түрлі аталымда сынға түсті. Алматылық Әдия қос бірдей аталымда топ жарса, Гауһар Мекебай «Мисс талант» атағын иеленді. Кішкентай арулар жаһандық сахнада ұлттық киім үлгісімен өнер көрсетіп, қазылардың да, көрерменнің де ыстық ықыласына бөленді.
Әлия Айтымбетова, Гауһардың анасы:
- Екінші орынмен келдік. Ризамыз. Біз қалай қуандық! Басқа елдердің балалары, қыздары номинация алып жатқан кезде, сол сияқты бізге де басқа елдердің адамдары өте қатты қуанды. Филиппин, Непал, Австралия, Индонезия сияқты неше түрлі қалалар бізді білді деп ойлаймын. Өзіміздің көк туымызды көтеріп, желбіретіп келдік.