Ұлытаулық металлургтер мемлекеттік наградалармен марапатталды

  • 156
  • 18.07.2025, 18:33

Премьер-министр Олжас Бектенов ұлытаулық металлургтерге Президент атынан мемлекеттік марапаттар табыстады. Металлургтердің кәсіби мерекесі қарсаңында Жезқазғанға арнайы барып, сала қызметкерлерін құттықтады.  Білікті мамандарға «Құрмет», «Еңбек даңқы» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін» медалдары табысталды. 

Жалпы биылғы мерекеде металлургия өнеркәсібінің 600-ге жуық жұмысшысының еңбегі бағаланды. Президент атынан жолданған мемлекеттік марапаттарды өзге аймақтарда өңір әкімдері табыс етті. Жезқазған мыс қорыту зауытында өткен салтанатта Олжас Бектенов металлургияны дамыту Үкіметтің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Жалпы бүгінде бұл салада 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық экономиканың старатегиялық қуатын арттыру үшін қайта өңдеу ісін, оның ішінде қара және түсті металлургиядағы жаңа саладарды дамыту керектігін дамыту керектігін атап көрсетті. Бұл орайда ерлік пен үлкен ерік-жігерді талап ететін кәсіп иелері металлургтердің қажырлы еңбегі қашан да маңызды

Болат Айдаболов, Жезқазған мыс қорыту зауытының балқытушысы:

- Бұл салада жұмыс істегеніме 35-36 жылдай боп қалды. Басында жас бала боп келіп едім, қаншама тәрбиешілерден өттім. Енді қазір өзім жастарға үйретіп жатырмын. Сол еңбектің арқасында үшінші дәрежелі орденмен марапатталып жатырмын.