Іле Алатауы ұлттық паркіне кіру тәртібі жаңарды

  • 140
  • 18.07.2025, 18:44

Бұрын шлагбаумда ұзын сонар кезек күткен көліктер енді цифрлық жүйенің шапшаңдығын сезіне бастайды. Қазіргі таңда он бақылау бекетінің төртеуінде жаңа төлем жүйесі іске қосылды. Тағы екеуінде сынақ жүргізіліп жатыр. Кіреберістегі камералар көліктің нөмірін, түрін, көлемін автоматты түрде анықтап, QR-код жасайды. Жүргізуші оны смартфон арқылы сканерлеп, кез келген банк қосымшасымен төлем жасай алады. 

Көлік түріне қарай баға да әртүрлі. Мәселен, жеңіл көлікке 1179 теңге болса, ал 16 орындық автобусқа кіру құны – 5111 теңге. Жаңа жүйе турист ағынын реттеп, шамадан тыс жүктемені бақылауға негіз болмақ.

Арқау Шантаев, «Іле Алатауы» МҰТП бас директорының орынбасары:

- Қазіргі уақытта кептеліс болады. Бірінші, екінші апта көлік кептелісі. Себебі тұрғылықты халық бар, Алматы қаласы өте жақын тұр бізге. Сондықтан алдын ала төлеу бойынша адамдар енді үйреніп жатыр. Қандай көлік келіп тұрғанын камера оқып, нөмірін оқып, кузовын шығарып береді, дайын QR-мен төлеп, өте береді.