Шымкентте 1 миллионнан астам адам медициналық сақтандырудан өткен

  • 18
  • 21.07.2025, 18:43

Яғни қала халқының 81 проценті жоғары технологиялық операцияларға, скринингтік тексерулер мен диагностикалық қызметтерге қор арқылы тегін қол жеткізе алады. 

Биыл 137 мың науқас стационарлық ем алған. Тағы 500 адамға кардиологиялық, неврологиялық, травматологиялық озық операциялар жасалған. Алайда әлі 234 мың тұрғынның сақтандыру туралы мәртебесі жоқ. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органның жұмысы күшейтіліп, Мемлекеттік кірістер комитеті мен еңбек инспекциясы қызметкерлері бірлесіп, үгіт-насихат жүргізуде. Көпшілік міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін тексере ала ма? 

Блиц-сауалнама:

- Емханада тіркеудемін. Сол тіркеу бойынша барып, қажет кезде ем-домымды алып тұрамын. Зейнеткерлік жасына жеткендер үшін барлығы тегін. Қандай да бір қосымша ақы, үстемеақы дегендер көрсетпеген.

- Мен жалдамалы жұмысшымын. Бірақ та ертең ауырып қалған кезде мені емдемей қоймас үшін әр ай сайын өзім ақша төлеп отырамын. Жұмыс берушім медициналық сақтандыруға ақша төлеуді ескертіп айтқан.

- Ісім түсіп жатқан емеспін. Былтыр өтімнен бір ауырғанмын. Сол кезде жаттым енді. Көпбалалы ана болғаннан кейін мені тегін емдейді. Көп жерде тегін жүремін. Автобуста да.