Қызылорда облысында жол қауіпсіздік шаралары күшейтілді

  • 33
  • 22.07.2025, 18:43

Қызылорда облысында қараусыз малдың кесірінен болатын жол-көлік оқиғасы көбейді. Жыл басынан бері 76 жол апаты тіркеліп, 9 адам жарақат алған. Мамандар: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде көлік ағыны артқан сайын, қайғылы оқиға жиілеуі мүмкін»,– дейді. Сол себепті полицейлер қауіпсіздікті күшейтуге кірісті. 

Ақберген Беренов, Баймұрат батыр ауылының тұрғыны:

-Бір жағынан жолдың қысымы, бір жағынан мына жайылымның қысымы. Жайылымның есебі жоқ. Жайылымдық жер жоқ. Бәрін егістік қоршап алған.

Рауан Әлдешов, ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары:

-Ағымдағы жылдың алты айында Қарабұтақ Қызылорда Шымкент автомобиль жолында участкелік полицей инспекторлары жол апаттарын алдын алу бағытьында жолдың жүріс бөлігіне үй жануарларын қараусыз жіберген 523 тұрғынға ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 408-бабымен әкімшілік шаралар қолданды.