Семейде айналма жол салынады

  • 36
  • 22.07.2025, 18:45

Семейде қаланың ішімен өтетін көлік ағынын азайту мақсатында айналма жол салынады. Бұл жолмен жыл сайын 700 мыңнан астам көлік жүреді. Жоба 2030 жылға дейін көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асады. Сондай-ақ халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп іске асырылатын маңызды жобалардың қатарына енгізілді. Өңір басшысы мен қытайлық компанияның бас директоры автожол құрылысын жүзеге асыруға бағытталған келісімге қол қойды. Жаңа айналма жолдың салынуы облыстың логистикалық әлеуетін арттырып, қаланың көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Облыс әкімі тиісті жұмыстың биыл басталып, 2028 жылға дейін аяқталатынын айтты. 

Берік Уәли, Абай облысының әкімі:    

-Биыл тамыз-қыркүйек айларында жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалады. Қазан-қараша айларында жолдың алдын ала жобасы жасалып, көпірлер әкімдікпен келісіледі. Сондай-ақ қараша желтоқсан айларында жұмыс жоспары, құрылысқа дайындық әкімдікпен келісіледі. Содан кейін барып Семей қаласын айналып өтетін автожол құрылысы басталады.