Қазақстанда әуе көлігін қолданушылар қатары артып келеді

  • 36
  • 23.07.2025, 18:40

Көлік министрлігінің мәліметінше, биылғы жарты жылдықта қазақстандық авиакомпаниялар 7,2 миллион жолаушы тасымалдаған. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 6% артық. Әуежайларда 14,4 миллион жолаушыға қызмет көрсетілді. Бүгінде ішкі авиатасымал 61 бағытта орындалады. Биыл әуе кемелері паркі 16 бірлікпен толығады. Қазір елімізде жүк авиакомпаниясын құру міндеті тұр. Себебі әлемдік нарықтағы жүк тасымалының көлемі 57,7 миллион тонна болса, оның 15% Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы өтеді. Бұл ретте алғашқы рейс келер жылдың басында іске асырылады. Премьер-министр Олжас Бектенов жүк авиатасымалдаушысын құру бойынша барлық дайындық жұмыстарын барынша жеделдетуді тапсырды.