Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, қуаты 2-4 балл аралығында болған. Дүмпу 13 ауданда сезілген. Тербеліс кіндігі облыс орталығынан 84 шақырым жерде болған. Тұрғындарының сұрақтарына жауап беру үшін жедел желі іске қосылды. Зардап шеккендер мен қираған ғимарат туралы ақпарат түскен жоқ. Мамандар жағдай тұрақты, тиісті мониторинг жұмыстары жүргізілді деп отыр.