Шымкентте республикалық командалық-штабының оқу-жаттығуы басталды. Түркістан, Қызылорда мен Жамбыл облыстарының арнайы күштері жұмылдырылды. Олар екі күн бойы 38 орында тактикалық даярлығын шыңдап, зардап шеккендерді эвакуациялау, тізімге алу және алғашқы медициналық көмек көрсету жұмысын пысықтайды. Жалпы өңірде 4 мыңнан астам адамды қабылдайтын шатырлы қалашықтар тұрғызылған. Жиынның ашылуында заманауи техникалар көрмесі ұйымдастырылды. Төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын дрондар мен жауынгерлік жарақтар таныстырылды.
Рамиль Камалов, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:
-Ең маңыздысы шағын аудандардың аралығын дұрыс жоспарлап, аймақтарға бөлуді жүйелеу керек. Жаңадан тұрғызылатын нысандар құрылыс нормаларына толық сай болуы үшін ғылыми негіздерді пайдаланған дұрыс. Бұл жоғары сейсмикаға төтеп беруді қамтамасыз етеді.