Астаналық 15 құтқарушыға пәтер кілттері табысталды

  • 117
  • 24.07.2025, 18:32

Арасында жүргізушілер мен бөлімше командирлері де бар. Қызметкерлердің жедел әрекет етуі үшін материалдық-техникалық база да жаңартылды. Бүгінгі салтанатты іс-шарада тиісті бөлімдерге 18 қызметтік автокөлік берілді. Айта кету керек, төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау жүйесін күшейтіп, мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық беріп келеді. Биыл осы сала қызметкерлерін баспанамен қамту және әлеуметтік қолдауға қатысты заң қабылданған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Шыңғыс Әрінов,  ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

-Көліктердің сапасы сенімді болуы бізге өте маңызды. Әртүрлі құтқару операцияларында көріп жатырмыз, осындай жол талғамайтын болсын арнайы көліктеріміз бар. Керек құрылғыларымыз бар. Оның бәрі біздің қызмет көрсету деңгейіне өте жақсы әсерін тигізіп жатыр.