1 тамыздан бастап ChatGPT-ге тіркелгендер 12% қосылған құн салығын төлейді

  • 122
  • 24.07.2025, 18:56

 1 тамыздан бастап ChatGPT-ге тіркелген қазақстандықтар 12% қосылған құн салығын төлейді. OpenAI қолданушыларына осындай хабарлама жолдады. Салық тек жеке тұлғаларға қатысты. Ал заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер аккаунтындағы салық деректеріне өз ұйымының нөмірін енгізсе, бұл төлемнен босатылады. OpenAI Қазақстанда ресми салық төлеуші ретінде тіркелген.