Елде көпқабатты тұрғын үйді басқаратын ұйымдардың ашық тізімі құрылады

  • 118
  • 24.07.2025, 18:59

Елде көпқабатты тұрғын үйлерді басқаратын ұйымдардың бірыңғай ашық тізімі құрылады. Онда жауапкершілігі шектеулі серіктестік, пәтер иелерінің кооперативі мен басқарушы компаниялар туралы толық ақпарат жинақталады. Тізім тұрғындар мен басқарушы ұйымдар арасындағы сенімді арттыруға бағытталған. Ол арқылы әр азамат, өз үйін кім басқаратынын, қандай тариф белгіленгенін және шағымын қайда жолдау керегін ашық көре алады.