Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті. Ол Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалған. Алдын ала мәлімет бойынша тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болыпты. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 100-ден астам адам мен 15 техника тартылды.