Өзіңіздің банк картаңызды немесе шот деректеріңізді бөгде адамға берсеңіз, жауапқа тартылуыңыз мүмкін.
Дропперлермен күресу үшін Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді. Енді біреудің орнына ақша аудару, төлем жасау немесе алаяқтарға көмектесіп, олардың ақшасын өткізуге атсалысу қылмыс саналады. Мұндай әрекет үшін 629 мың теңгеге дейін айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Ал егер адам бұл арқылы елеулі кіріс тапса, айыппұл көлемі 11,8 миллион теңгеге дейін өседі немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Бөтен адамның банк шотын сатып алғандар тіпті 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.