Қазақстандықтардың 80 пайызы ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы

  • 76
  • 30.07.2025, 18:33

Ал ел тұрғындарының 67% мәселені заңнамалық деңгейде шешу керек деп санайды. Бұл «ЛГБТ насихатының жастарға ықпалы» тақырыбында жүргізілген зерттеу қорытындысы. Аталған зерттеу «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ның ашық және жасырын насихатына қарсымыз» петициясының  бастамасы бойынша өткізілген. Сауалнамаға қатысқандардың 64% жуығы ЛГБТ туралы ақпаратты әлеуметтік желіден алатындарын айтса, екінші орында дәстүрлі БАҚ тұр. Мұндай ақпарат баланың психоэмоционалдық күйіне де әсер ететіні анықталған. 

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісіің депутаты: 

-Енді бізде бұл норманы Парламентке әкеліп өткізуге бізде негіз бар. Осы материалдар біздің қолымызға түскеннен кейін біз баяғы жасақтаған норманы қайтадан береміз. Күзде. Жалпы ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу керек.  Бұл әркімнің өзінің жеке мәселесі. Бірақ оны шығып алып, ақпараттық құралдарды пайдаланып немесе әлеуметтік желілерді пайдаланып насихаттауға болмайды.