ЕС-145 тікұшағын іздестіру жалғасып жатыр

  • 81
  • 30.07.2025, 18:36

Сорбұлақ су қоймасы аумағында жоғалған ЕС-145 тікұшағын іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Мамандар көлдің түбіндегі шөгінділер мен оның тереңдігіне қарамастан, арнайы операцияны күндіз-түні тоқтатқан жоқ. Бүгін сол аймаққа атқарылып жатқан шаруамен жеке танысу үшін Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов барды. Ол тікұшақта жоғалған азаматтардың туыстарымен кездесіп, оларға қолдау білдірді. Қазір су қоймасының аумағында 400-ден астам құтқарушы мен кинология топтары және 70-тен астам арнайы техника жұмылдырылған. Тікұшақ 25 шілдеде із-түссіз жоғалып кеткен еді.

Асқар Ізбасов, ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы:

-Қорғаныс министрі айтқандай, іздестіру-құтқару жұмыстарын тоқтатпаймыз жақсы нәтижеге дейін және де экипаж отбасыларына қорғаныс министрлігі тарапынан барлық жағдайын жасап, көмегін көрсетеміз.