Түбіртекті сканерлеп сыйақы алыңыз. «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы енді еліміздің 46 өңірінде жұмыс істей бастады. Оның ішінде Қарағанды, Қонаев сияқты қалалар да бар. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Мамандар басты мақсат кәсіпкерлерді кассалық тәртіпті сақтауға шақыру дейді. Бұл бастама былтыр Семей мен Ақкөл қаласында сынақтан өткен болатын. Нәтижесінде сатушылардың азаматтарға чекті беру көрсеткіші екі есеге артыпты. Айтпақшы тұтынушы алған түбертекті әмиян қосымшасына сканерлеп жүктесе, жасаған саудасының екі пайыз көлемінде сыйақы ала алады. 18 мың адам осы мүмкіндікті пайдаланған.
Ерқанат Шымберген, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы:
- Әрбір сатып алынған соммадан 2% кэшбэк белгіленген. Өз картаңызға немесе мобильді телефоныңызға ақшалай түрде сыйақы алуға болады. Осы жылы тағы 46 аудан да әзірленді осы жоба. 13-18% аралығында тәртіптің өсуін байқап отырмыз.