Үкімет басшысы су шаруашылығы нысандарын тексерді

  • 84
  • 31.07.2025, 18:33

Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын аз болып тұр. Ылғалдылықтың тапшылығын Қазгидромет кәсіпорнының мәліметі де көрсетуде. Бұл ауыл шаруашылығына қатер төндіріп, кей жерлерде егін қурап кетуі мүмкін. Мұндай мәселені болдырмас үшін Үкімет Сырдария өзенінің жоғары жағында орналасқан көршілес мемлекеттермен келіссөздер жүргізуде.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Түркістан облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды. Үкімет басшысы аймақтағы су шаруашылығы нысандарын тексерді. «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегіш нысанын көріп, тіршілік нәрін бөлуге қатысты жұмысты қадағалауды күшейту қажеттігін баса айтты.

Шардара қоймасы – Түркістан және Қызылорда облыстарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын суарумен қатар қала тұрғындарын да ауызсумен қамтамасыз ететін негізгі нысан. Қазірде трансшекаралық су көздерінен келетін тіршілік нәрінің көлемі азайған. Сондықтан Үкімет ішкі су қорын дамытуға басымдық беріп отыр. Премьер-министр осыған орай жауаптыларға бірқатар нақты тапсырма жүктеді.  

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі: