Бұл жұмысты атқару үшін 443 арнайы техника қолданылыпты. Оның 239-ы жер үсті бүріккіш техникасы, 100-і газогенератор. Тіпті 24 жеңіл ұшақ және 49 агродрон пайдаланылған. Мамандар осы арқылы еліміздің барлық өңірінде шегірткеге қарсы жұмысты толығымен аяқтаған. Сақтық үшін көршілес мемлекеттерден шегірткенің таралуы жөнінде жүйелі түрде ақпарат алмасу жолға қойылған.
Саят Сақмолдин, ҚР АШМ комитет төрағасының орынбасары:
- Жалпы биылғы зерттеу жұмыстарына 3652 адам тартылған болатын. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда екі есеге артық. Зерттеушілер санының артуы мониторинг жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. .