Президенттің тапсырмасы бойынша Премьер-министр де көлік саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті. Үкімет басшысы бұл сектордың ел экономикасын дамытудағы басты рөлін атап өтті. Сала биылғы алты айдың қорытындысы бойынша 22,7% деңгейінде қарқынды өсім көрсеткен. Қазіргі уақытта 13 мың шақырым автожол жөнделуде, 1,3 мың шақырымнан астам жаңа теміржол желілері, заманауи логистикалық хабтар мен әуежайлар салынуда. 2029 жылға қарай ел аумағы арқылы өтетін транзиттік жүктердің көлемін 100 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Олжас Бектенов Президент атынан еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Әнуарбек Шұлғауов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны» филиалының директоры:
-Мен өзім зауытта 40 жылдан астам қызметтемін. Осы теміржолға, теміржолдың дамытуына көп жұмыстар істеліп жатыр. Біздің мекемеден безстыковый путь дейміз, соны біз жасаймыз. Рельстерді сваркілейміз.