Алматыда жатақхана іздеген студенттерге кеңес беретін ахуалдық орталық ашылды.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында жұмыс істейді. Студенттер кез келген уақытта хабарласып, мәлімет алуына болады. Қалаға түнде келіп, орын таппай қалған жастар уақытша дағдарыс орталығына жіберіледі.
Соның бірі Мұхамеджан Тынышбаев атындағы көлік және логистика университетінде жасақталды. Олар 30-ға жуық адамды қабылдауға дайын. Дәл осындай жұмыстар барлық жоғары оқу орындарында атқарылып жатыр. Жалпы Алматыда 200 мыңнан астам жас жоғары білім алады. «Биыл бір де бір студент далада қалмайды. Жатақхана жетпеген жағдайда хостелдермен келісімшарт жасалып жатыр», - дейді жауаптылар.
Сәбит Суатай, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің проректоры:
- Қазіргі таңда орталықта 12 қызметкер жұмыс істеп отыр. Орталық тәулігіне 24 сағат бойынша жұмыс істейді. Негізі орталықтың мақсаты – мына шет өңірлерден, шет аймақтардан келген студенттерімізге жатақханаға орналасытыру бойынша мәліметтер беру. Қазіргі таңда барлық оқу орындарында осы ахуалдық орталықтан бөлек кризистік орталық ашылды. Ахуалдық орталық 1қыркүйекке дейін жұмыс істейді.