Кендірлі туристік аймағына әуежай салынады

  • 11
  • 05.08.2025, 18:37

Ақтау қаласында теңіз вокзалы мен халықаралық деңгейдегі стадионның құрылысы басталады. Бұл шаралар «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жүзеге асады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Онда 9 бағыт бойынша салалық мәселелерді жүйелі шешу қарастырылған. Оның ішінде инфрақұрылымды дамыту, логистика, цифрландыру және инвестиция тарту секілді өзге де маңызды бағыттар бар. Бұл жоспар жүзеге асса, алдағы 4 жылда ішкі туристер саны 520 мың адамға, ал келуші туристердің саны 143 мыңға артады.