Биыл Ақтөбе облысында 28 ауылға газ құбыры тартылады

  • 11
  • 05.08.2025, 18:36

14 елді мекен көгілдір отын желісіне тамыз айының соңына дейін қосылуы тиіс. Нәтижесінде өңір тұрғындарының 97% немесе облыстағы 319 елді мекеннің 200-і қамтылады. Қазір 172-де табиғи газ отыны бар. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 9 млрд 800 млн теңге қаржы бөлінген. Келер жылы тағы 9 ауылға көгілдір отын құбырын салу жоспарланып отыр. 

Серік Дәулетов, облыстық Энергетика ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

-9 елді мекенді газбен қамтамасыз ету бойынша сегіз сметалық құжаттамамыз дайын. Сонымен қатар ағымдағы жылы 19 елді мекенді газдандыру жұмыстарын жүргізуге он төрт сметалық құжаттама дайындалып жатыр.