Заңсыз активтер есебінен ауруханалар жаңартылады

  • 11
  • 05.08.2025, 18:42

Заңсыз иемденілген активтерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Нәтижесінде өңірлерде қордаланып келген бірқатар әлеуметтік маңызды жоба іске асуда. Арнаулы мемлекеттік қордан Жамбыл облысы Меркі және Талас аудандарындағы медициналық мекемелерді қайта жаңартуға 2,4 млрд теңге бөлінді. Талас аудандық көпсалалы орталық аурухана жаңартылады. Ал Меркі аудандық көпсалалы орталық ауруханасының қабылдау бөлімшесі жөндеуден өткізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Жалпы биыл осы өңірде төрт денсаулық сақтау нысанын салуға 2,8 млрд теңге қаралды. Бұған дейін Қордай мен Талас аудандарында заңсыз активтер есебінен тәулігіне 45 адамға дейін қабылдайтын екі дәрігерлік амбулатория салынған еді.