Сорбұлақ су қоймасында EC-145 әскери тікұшағын іздеу жалғасып жатыр

  • 23
  • 05.08.2025, 18:36

Сорбұлақ су қоймасында EC-145 әскери тікұшағын іздеу жалғасып жатыр. Оқиға орнында Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлерінен, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі мамандарынан тұратын ауқымды іздестіру тобы жұмыс істеп жатыр. Қорғаныс министрі Даурен Қосановтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі департаментінің білікті мамандары енді. Комиссияның бір бөлігі іздестіру шараларына қатысса, екінші бөлігі оқиғаның себебін анықтаумен айналысып жатыр. Іздеу экипаж мүшелерінің табылып, апат себептері толық анықталғанға дейін жалғасады. Еске салайық, Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы бортындағы үш әскери қызметшімен бірге 25 шілде күні Луговойдан ұшып шығып, байланыссыз кеткен еді. Көп ұзамай Сорбұлақ суының бетінде майдың дағы байқалған. Көп ұзамай құтқарушылар оқиға орнында әуе көлігінің сынықтарын тапқан.