Өскеменде жас инспекторлар слеті өтті

  • 13
  • 06.08.2025, 18:39

Қайтсек жол үстіндегі қайғылы жағдайлар азаяды? Мамандар жолдағы қауіпсіздік шараларын күшейтумен қатар жас инспекторлардың біліктілігін арттыруға күш салып келеді. Қазір Өскеменде жас инспекторлар слеті өтіп жатыр. Сайысқа қырғыз елінің командасы да қатысты. Олар жолдағы көлік қозғалысын реттеу, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша үйренген дағдыларын көрсетті.  

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

-Өкінішке орай жол апаттарында қазіргі таңда көптеген балалардың денсаулығына зиян келіп өмірі қиылып жатқанын бәріміз білеміз. Сондықтан бұл қозғалыс ары қарай жалғасын табады және тек қана Республика көлемінде емес, басқа да елдермен осы қозғалысты ары қарай дамытып, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін, барлық бар күшімізді саламыз.