Енді ЭЦҚ кілтін алу тек онлайн форматқа көшеді

  • 10
  • 06.08.2025, 18:46

11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін алу тәртібі өзгереді. Бұған дейін азаматтар оны онлайн немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барып алатын. Енді ЭЦҚ кілтін алу тек онлайн форматқа көшеді. ЭЦҚ кілтін қашықтан алу форматына көшуге статистикалық деректер түрткі болып отыр. Жыл басынан бері елімізде 14 млн 900 мың кілт берілсе, соның 92% астамы қашықтан рәсімделген. Яғни онлайн сервиске сұраныс жоғары. 

Электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн алу жолы келесі қадамдардан тұрады. egov.kz немесе pki.gov.kz порталына өтіп, онлайн өтінім толтыруыңыз қажет. Әдеттегідей биометриялық сәйкестендіруден өтуіңіз шарт. Егер жүйе жеке басыңызды тани алмай, 5 әрекеттен кейін де нәтиже болмаған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне аласыз.