Абайдың туғанына 180 жыл. LIVE

  • 13
  • 06.08.2025, 18:46

Абай облысында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы кең көлемде тойланып жатыр. Мәдени-спорт шаралары тамыздың 1-і басталған, бүгін 6-шы күн жалғасын тапты. Қазір Семейде «Абай елі – өнер кеніші» атты аудан өнерпаздарының концерті басталды. Өңірдегі әріптесім Рүстем Қайратұлы қазір бізбен тікелей байланыста. 

Рүстем Қайратұлы, тілші: 

-Иә, расыменде соңғы бірнеше күн бойы Абай жұрты ерекше көңіл күйде жүр. Қазір біз «Бейбітшілік» аралында орналасқан этноауылда тұрмыз. Мұнда облысымыздың әр ауданынан келген өнерпаздардың концерті өтіп жатыр. Этноауылда күнде таңнан кешке дейін ұлттық ойындардан жарыс, қолөнер көрмесі ұйымдастырылуда. Қазір өздеріңізде естіп тұрсыздар, дәстүрлі ән мен күмбірлеген күй, терме мен халық биі, театрландырылған көріністер мен заманауи сахналық қойылымдар барлығы да көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. 
 
Иә бұл концерттен бөлек Семейде бірқатар ауқымды мәдени-спорттық шара өтуде. Мәселен, мерейтой аясында көру мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жаңа арнайы кітапхана өз жұмысын бастады. Бұдан бөлек «Семей батыры» турнирі өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 20-дан астам спортшы қатысты. Үш күн бойы ерекше этностильдегі сән көрсетілімі ұйымдастырылып, жас дизайнерлердің экологиялық әрі заманауи этнотоптамалары көпшілік назарына ұсынылды. Мінекей, осындай ауқымды шаралар өтіп жатыр. Өңірдегі мерекелік көңіл күй әлі сақталады. Ертең спорттық марафон бастау алады. Яғни спортшылар Семейден Қарауылтөбеге дейін жүгіреді. Мәдени шара соңы Абай ауданы Қарауылтөбеде мәресіне жетеді.