Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше өңірде өткен жедел шаралар нәтижесінде 45 атыс қаруы мен жарылғыш зат тәркіледі. Өткен айда Прокуратураның үйлестіруімен Ішкі Істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Ұлытау мен Алматы облыстарында жедел іс-шара өткізді. Нәтижесінде 45 атыс қаруы, оның ішінде 6 Калашников автоматы, 18 тапанша, 14 аңшылық, 7 шолақ мылтық, 6 граната, 2 тротил құтысы және 400-ден астам оқ-дәрі тәркіленген. Оның сыртында Ақмола облысындағы кәсіпорынның бірінде өнеркәсіптік мақсаттағы жарылғыш зат ұрлаудың жолы кесіліп, 20 келі жарылғыш зат тәркіленді.