Жалпыға бірдей декларацияға өзгерістер енді

  • 15
  • 07.08.2025, 18:38

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша Салық кодексіне өзгерістер енгізу заңы 15 шілдеде күшіне енген соң декларация тапсыруда өзгерістер бар. Бұл туралы түсіндірме жұмыстарын бастап кеткен Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді.

Биылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 1-ші және 3-ші кезеңіне кірмеген шетелде активтері, мүлкі және банктік шоттары бар тұлғаларды қоспағанда зейнеткерлер, жеке құрылымдардың қызметкерлері, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер міндетті декларациялаудан босатылады. Сондай-ақ бейрезидент болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдардан активтер мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру талабы алынып тасталды

Ерсайын Көптілеуұлы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың табыстарын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы:

- Негізгі мақсат – жалпыға бірдей декларация бойынша міндеттері сақталған тұлғаларға олардың міндетті екенін түсіндіру. Сондай-ақ, босатылған адамдардың бұл санатқа кірмейтіні туралы жалпы түсіндірме жүргізу. Бұл ұсыныс жыл басынан бері Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып келеді. 15 шілдеде өзгерістер мен толықтырулар туралы заңға қол қойылды