Алматыдағы «Жібек жолы» базары қайта жаңартылады

  • 15
  • 07.08.2025, 18:43

Алматыдағы автобөлшектер сататын «Жібек жолы» базарында заңсыз салынған 30 нысанға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалады. Техникалық жөндеу орталықтары мәжбүрлі түрде бұзылады. Осыдан кейін базар әкімдігі жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Қазір эскиздік жобасы әзірленіп жатыр.  

«Жібек жолы» Алматыдағы ең ірі базарлардың бірі. Мұнда келушілер де көп, сатушылар да көп. Соған орай қордаланған мәселелер де жетерлік. Осыдан екі жыл бұрын тексеріс жүргізіліп, 30 нысанының заңсыз салынғаны анықталған. Кейін нұсқаманы орындамаған соң іс сотқа түскен. Сот мәжбүрлі түрде бұзу туралы шешім шығарды. Мұнымен келіспегендер апелляциялық шағым түсірген. Дегенмен сот шешімі өзгеріссіз қалған.

Әлібек Төлбасиев, қалалық қала құрылысы бақылау басқармасының бөлім басшысы:

- Осы 30 шақты нысан заңсыз салынған соттың шешімі бойынша бұзылуы керек. Техникалық жөндеу орталығы көліктерді, құрал-жабдықтарды машина ғана сату, соның барлығы заңсыз болып саналды.

Осыдан кейін базар әкімшілігі сауда орталығын түгелдей жаңғытудан өткізуге келіскен. «Енді заңсыз сауда-саттыққа жол бермейміз. Жөндеу орталықтары болсын, қоғамдық тамақтандыру орындары болсын құрылыс ережеріне сай салынады. Ал түгелдей бұзылады деген шындыққа сәйкес келмейді», - дейді. 

Азамат Құлмаханбет, «Жібек жолы» базарының директоры:

- Бүкіл базар сносқа кетеді деген әңгіме кетті. Ондай әңгіме жоқ. Қазіргі соттың шешімі бойынша шығып тұрған 30 орын бұзылатын. Біз ТЖО орындарын жаңа формат ретінде соғатын жоспарымыз бар.

Қазір «Жібек жолы» базарының басшылығы кәсіпкерлермен ортақ келісімге келіп, жұмыс орындарын сақтап қалуға әрекеттеніп жатыр. Айтуларынша, жаңғырту жұмыстары екі жаққа да тиімді болады. 

Қарлығаш Қайыпбекова, Айдос Қалиев