Семейде «Абай жолы» республикалық ультрамарафоны басталды

  • 12
  • 07.08.2025, 18:43

Қаладан шыққан желаяқтар 180 шақырымды еңсеріп, Қарауылтөбеге жетуі тиіс. 

Бұл марафон елдегі ең ауқымды әрі ұзақ қашықтыққа жоспарланған жүгіру бәсекесі. Жарысқа барлық өңірден және жақын шетелдерден әуесқой споршылар қатысуда. Оларға қолайлы жағдай жасау үшін жолда тамақтанатын 17 бекет орнатылды. Алайда ұйықтап, тынығуға болмайды. Бірінші келген жеңімпазға автокөлік беріледі. Мәреге жеткен алғашқы 10 спортшыға 100 мыңнан 2 млн-ға дейін қаржылай сыйлық бар. 

Меңдібай Әлімғазин, марафонға қатысушы:

- Мен үшінші рет қатысайын деп жатырмын. Абай атамыздың 180 жылдығы болып тұр ғой. 80 шақырым жүгіріп өткенмін. Екі рет қатыстым. Жастарға үлгі болсын деп үшінші рет қатысайын деп жатырмын. Тойларыңыз құтты болсын! Бәрімізге ортақ қой.