Әлеуметтік кәсіпкерлер тегін қолдау ала алады

  • 17
  • 08.08.2025, 18:47

Мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамтып, кәсіп ашамын дегендер тегін қолдау ала алады. Астанада әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған алғашқы хаб ашылды. Бұл Орталық Азияда баламасы жоқ жоба. Мұнда әлеуметтік кәсіп бастауға ниеттенген бизнес өкілдері тәжірибелі мамандардан кеңес алып, арнайы оқу курстарынан өте алады. Айта кеткен жөн, елде 1 мың 300-ден аса әлеуметтік кәсіпкер бар. 

Қуаныш Сапаров, Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

-Бүгінгі таңға дейін 58 әлеуметтік кәсіпкерге мемлекеттік бюджеттен қайтарымсыз грант берілді. Жалпы биылғы жылы 50 әлеуметтік кәсіпкерге грант беруді жоспарлап отырмыз.