Шығыс Қазақстан облысында 9 миллиард теңгеден астам сомаға электр энергиясын заңсыз сату фактісі әшкереленді.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, бірқатар компания екі жыл бойы майнинг кәсіпорындарын электр энергиясымен заңсыз қамтамасыз етіп келген. Заң бойынша майнингке электр тек бірыңғай мемлекеттік сатып алушы арқылы және 1 мВт сағаттан аспайтын көлемде сатылады. Бірақ бұл талап сақталмаған. Қолды болған энергия көлемі 50 мВт сағаттан асады. Бұл 50–70 мың тұрғыны бар қала халқының қуат көзін тұтынуымен тең.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы елордадан 2 пәтер және 4 автокөлік сатып алған. Олар мүмкін болатын тәркілеу мақсатында сот санкциясымен бұғатталды. Тергеп-тексеру жалғасуда.