Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемделген активтер есебінен аймақтағы маңызды әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жоспарланған.
Абай облысында бас-аяғы 21 жоба қолға алынды. Оның жетеуі Семей қаласында. Бородулиха, Үржар және Абай аудандарына да орталықтандырылған су желілері тартылады. Бүгінде облысты сумен қамту деңгейі 95%-ке жетіп отыр.