Aitu қосымшасы мемлекеттік қызмет саласындағы ұлттық мессенджер ретінде бекітіледі. Барлық қажет қызмет әр азаматқа «батырма басу» арқылы қолжетімді болады. Бұл туралы Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мәселелері бойынша өткен жиында белгілі болды. Онда жасанды интеллектіні экономиканың нақты секторына, мемлекеттік басқаруға және денсаулық сақтау салаларына енгізу сияқты мәселелер талқыланды. Бұл жұмысты жеделдету үшін Олжас Бектеновтың өкімімен цифрлық штаб құрылды. Штаб мүшелері тиісті шешім қабылдап, жасанды интеллект технологиясын жедел, әрі жаппай енгізуге ықпал етеді.