Қазақстан Қытай және Өзбекстанмен арадағы әуе рейсі санын көбейтуге ниетті

  • 52
  • 12.08.2025, 18:47

Қазақстан Қытаймен арадағы әуе рейсінің санын көбейтуге ниетті. Сондай-ақ Өзбекстанға қатынайтын жаңа бағыттар ашылады. Тараптар ұшу жиілігімен қатар, рейстердің географиялық ауқымын арттыруға бейіл. Меже орындалса, алыс-беріс артып, барыс-келіс жеңілдейді. Бұл туралы бас қалада өтіп жатқан «Орталық Азия + Қытай» форматындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық бойынша жұмыс тобының екінші бас қосуында сөз болды. Қазір шығыстағы көршілерімізге апта сайын 78, ал Өзбекстанмен арада 51 рейс қатынайды. 

Дархан Қатышев, ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:

- Осы конференцияның басты мәселесі осы ынтамақтастықты нығайту, авиация саласында. Атап өтсек, авиациялық қауіпсіздік дейді. Ұшу қауіпсіздігі дейді, ол - техникалық қауіпсіздік. Қауіпсіздіктің деңгейін көтеру ең маңызды нәрсе және тасымалдау. Қазіргі уақытта туризм де дамып жатыр. Қытай мемлекетінде, Орталық Азия мемлекетінде, Өзбекстанда, Қазақстанда туризм дамып жатыр.