Павлодарда Халықаралық жастар күні мен Жұмысшы мамандықтар жылына арналған республикалық жастар форумы өтіп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына үндеу жолдады. Президент Мемлекеттің өскелең ұрпаққа тиісті жағдай жасап отырғанын атап өтті. Қазақстанда білім алу және еңбекпен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге, таланттарды шыңдауға, жеңілдікпен баспана сатып алуға, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған көптеген бағдарлама әзірленіп, іске қосылып жатыр. «Бұл игіліктерді 600 мыңнан аса жас көріп отыр»,– делінген үндеуде. Форумға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа идея мен тың жобаларды талқылады.