Елордада мерекеге орай Bir tolqynda деп аталатын заманауи би фестивалі өтті. Қаланың 400-дей жас тұрғыны түрлі ойын мен шығармашылық батлға қатысып, белсенділік танытты. Жеңімпаз үш номинация бойынша анықталды. Бидің басым бөлігі Hip-Hop стилінде қойылған.
Мұстафа Ибраһим, студент:
-Мұндай шаралар бізге қатты көмектеседі. Өйткені жаңа достар табасың. Жаңа көзқарас табасың. Осындай іс-шараларда өзіміздің еркіндігімізді көрсете аламыз. Билеген кезде еркіндігіңді көрсетесің. Сол үшін осындай іс-шаралар көп болса, өте керемет, өте қуанышты боласың.
Ержан Хамитов, «Жастар рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары:
-Жалпы бұл шара үшінші рет өткізіліп отыр. Былтыр 300-ге жуық жас қатысқан болатын. Биыл тек би жарысы емес, сонымен қатар, ауқымын кеңейтіп, ән бағытында қосып отырмыз. Бүгін сағат 3-те басталған фестиваліміз түнге дейін жалғасатын болады.