Алматыда халықтың осал тобына ₸1,5 млн көлемінде грант беріледі

  • 64
  • 13.08.2025, 18:42

Мұндай қолдау биыл екінші рет жасалып отыр. Бұл қаражатты мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндігі шектеулі жанды бағып отырғандар, асыраушысынан айырылғандар, қоныс аударып келген көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар алады. Өтініш «Enbek.kz» порталы арқылы 22 тамызға дейін қабылданады. Одан соң бағдарламаға қатысушылар 14 күн кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнес жоба әзірлейді. Грант алғандар тоқсан сайын есеп береді. Яғни қаржының мақсатты жұмсалуы бақыланады. Қазір Алматыда мүгедектігі бар 60 мыңдай адам тұрады. Жартысы еңбекке жарамды, бірақ біразы жұмыспен қамтылмаған. 

Әділет Жаңабаев, «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры

-Осы екінші лекте 264 грант бөлінеді. Бірінші лек бойынша маусым айында өткізілді. 169 адам грант ұтып алды. Соның қорытындысы бойынша басым бөлігі шеберхана, тігінші техникалық жөндеу орталықтары бар. Өздерінің үйлерінде әзірлейтін жобалар бар. Ол полуфабрикат дейміз. Одан кейін балаларға дамыту орталықтарын ашып жатыр.