Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы 10 облыста мамандандырылған 16 мекеме ашылды. Олар гидротехникалық нысандардың қауіпсіз жұмысын, күтімін және уақытылы жөндеуін қамтамасыз етеді. Бүгінде олардың балансына 872 нысан қабылданып, 283 техника берілді. 1 мың 200-ге жуық маман жұмысқа орналасты.
Сергей Добрынин, ҚР СРИМ Су шаруашылығы ғимараттарын дамыту гидротехникалық ғимараттар басқармасының бас сарапшысы:
-Сондай-ақ министрліктің бастамасымен облыс әкімдіктері 2025-2027 жылдарға арналған мамандандырылған мекемелердің теңгеріміне коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды қабылдау бойынша жол карталарын әзірледі.