Каспий теңізін зерттеуге Үкімет резервінен 305 млн теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Қаражат Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтына бағыталады. Мекеме теңіздің экологиялық мәселелерін зерттеумен айналысады. Атап айтқанда, балық қорының көлемін бағалап, сақтаумен, әрі теңіз деңгейін бақылаумен айналысады. Сондай-ақ институт итбалықтың жаппай қырылу себебін анықтау мен олардың популяциясын сақтау мәселелерін де қарастырады. Бөлінген қаражаттың арқасында, мамандар, спутниктік мониторинг зертханаларында ғылыми-зерттеу жүргізе алады.
Қуаныш Берішбаев, «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КЕАҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы:
-Институт негізінен гидрологиялық процесстерін бақылауға, деңгейіне мониторинг жүргізуге, климаттық өзгерістердің экожүйеге әсері, судың сапасы, биологиялық алуан түрлілігі, Қазақстан аумағындағы теңіздің акваториясы, басқа да деректерді талдау, жинақтаумен айналысады.